«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 Қаулысы
(2026.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы Қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы:
ҚР Үкіметінің 2025.25.12. № 1143 Қаулысын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
ҚР Үкіметінің 2026.13.04. № 263 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі осы қаулыға 1-қосымшаның 1, 2 және 3-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
2) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 1-қосымшаның 4 және 5-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.